15.12.2021, 12:01
Оқылды: 89

 «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры»

Теректі ауданы Подстепный ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімінің қолдауымен және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік шара өтті.

34950DDF-21A2-4FDB-81AB-37A0EB8CACA6

Теректі аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушевтің  атынан желтоқсан оқиғасына қатысушы М.Таушоваға алғысхат табыс етті.

5B0DB975-19DB-4D05-8BE3-426F3AEDCB75

Сонымен қатар Подстепный ауылдық округінің әкімі Сержан Мадиев те жылы лебізін білдіріп, бірқатар жандарды марапаттады.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале