19.11.2026, 11:30
Оқылды: 9

Ветеринария саласын цифрландыру мәселелері бойынша кездесу өтті

Орал қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ж. Дүйсенғалиевтің төрағалығымен ветеринария саласын цифрландыру және ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелеріне арналған жиын өтті.

InShot_20261119_060000411

Жиынға облыстық ветеринариялық инспекция басшысының орынбасары Е. Жукеев, қалалық білім беру бөлімінің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, полиция басқармасының өкілдері, сондай-ақ қала кәсіпкерлері, қоғамдық тамақтану орындарының, мектептер мен балабақшалардың өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – ветеринария саласындағы цифрлық ақпараттық жүйелердің жұмысын жетілдіру, олардың қолданыс аясын кеңейту және ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

Кеңес барысында «Вет-Лаб» ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері, оның модульдерімен жұмыс істеу тәртібі, зертханалық зерттеулер нәтижелерін жүйеге енгізу, өңдеу және жаңарту талаптары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, ветеринариялық зерттеулердің нәтижелерін цифрлық форматта тіркеу, зертханалық деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, ақпаратты уақытылы енгізу және деректер базасын өзектендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Инспекцияның Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің басшысы М. Сисенбаев баяндама жасап, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі мен алдағы міндеттер туралы түсінік берді.

Сонымен қатар, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің 2025 жылғы 3 қарашадағы №311 бұйрығына сәйкес, қоғамдық тамақтану объектілерін, өңдеу цехтары мен тұтыну объектілерін «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модуліне қосу бойынша жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның барысы таныстырылды.

Аталған жоба аясында кәсіпкерлік субъектілерінің ақпараттық жүйеге қосылуы, объектілер туралы мәліметтерді цифрлық форматта жүргізу және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелерін жүйеге енгізу мәселелері түсіндірілді.

Жиын барысында кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарының өкілдеріне қойылған талаптар, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу ерекшеліктері және оларды қолдану кезінде туындайтын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Кездесу қорытындысында ақпараттық жүйелерді белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану, мәліметтерді уақытылы әрі сапалы енгізу, цифрлық платформалардағы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуына жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді.

InShot_20261119_060037728

Ветеринария саласын цифрландыру – деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіруге, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге және сала жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале