18.11.2026, 16:30
Оқылды: 0

Бәйтеректе әуезді әндер жаңаша нақышта шырқалды

Бәйтерек ауданы Переметный ауылына Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының әртістері келіп «Сүйікті әндер, бүгінгі үнмен» атты концерт қойды.

image-18-11-26-02-12-1

Филармонияның 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кеш барысында «Атамекен»  вокальды аспаптар ансамблінің әншілері әр буынның жүрегінен орын алған әуезді әндерді жаңаша нақышта шырқап, жастық шақтың жарқын естеліктері мен махаббаттың мөлдір сезімін, сағыныш пен арманның сырлы әлемін қайта жаңғыртты. Танымал туындылардың заманауи орындаудағы жаңа тынысы, әншілердің шынайы шеберлігі кештің көркемдік келбетін айшықтай түсті.

image-18-11-26-02-12

Кештің соңында өнер ұжымына аудан әкімінің ықылас гүлі табысталды.

- Біздің өтінішімізді қабыл алып, бәйтеректіктерге тағы да өнерімізді көрсетуге мүмкіндік жасаған  аудан басшылығына және аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту  және дене шынықтыру, спорт бөліміне алғысымызды  білдіреміз. Бәйтерекке келген сайын аудан әкімінен бастап, барлығы құшақ жая қарсы алады. Осы залдағы көрермен өзімізге  үйреншкті болып кеткендей сезімдеміз.

image-18-11-26-02-12-4

Биылғы мерейтойлық жылымызға орай біздің филармония Алматы мен Астанадан кейін, аймақтарда тұңғыш рет «академиялық» деген мәртебені алғанын білесіздер. Мерейтой аясында Алматы, Астана төрінде өнер көрсетіп келдік. Желтоқсан айында «Атамекен» өнер орталығында мерейлі жылды    қорытындылаймыз. Соған қош келесіздер,-деген филармония директоры Бауыржан Халиолла аудан басшыылғына және аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту  және дене шынықтыру, спорт бөлімі басшысы Дәулеткерей Құсайыновқа алғыс хаттарын табыс етті.

image-18-11-26-02-12-5

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Ерлан  Ғалиев филармония ұжымын мерейлы жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұл кеш – уақыт өтсе де, мәнін жоғалтпайтын әуендердің, жүректен жүрекке жететін әндердің мерекесіне айналғанын атап өтті. Өйткені жақсы ән ескірмейді, ол әр дәуірдің үнімен қайта түлеп, әр жүректе жаңғыра беретіні айтып, кештен алған әсерімен бөлісті. Содан соң аудан әкімінің атынан Бауыржан Халиоллаға алғыс хат берілді.

  Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

image-18-11-26-02-12-6 image-18-11-26-02-12-2 image-18-11-26-02-12-7 image-18-11-26-02-12-8 image-18-11-26-02-12-9 image-18-11-26-02-12-11

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале