17.11.2026, 20:00
Оқылды: 27

Орал қаласында тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу басталды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының орталығында ауқымды жұмыстар басталды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

жп продукт (1)

Фото: zhaikpress.kz

Орал қаласында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан тұрақтандыру қорынан сауда желілеріне жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін жеткізу жолға қойылды.

​Бүгінде «Алтындар», «Анвар», «Дина» секілді танымал супермаркеттерді қоса алғанда, 54 сауда нүктесіне күн сайын 10 тонна картоп мен 2 тонна пияз жөнелтілуде. Тікелей қордан жеткізілген көкөністердің бағасы делдалдарды айналып өтіп, бөлшек саудада қолжетімді деңгейде сатылуда. Сондай-ақ желтоқсан айынан бастап қоймадағы сәбіз пен қырыққабатты жеткізу басталып, бұл шаралар 2027 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале