Астана қаласында өткен «1000 мақал – 1000 бала» республикалық медиа фестивалі аясындағы мақал-мәтелдер турнирінде Бөкей ордасы ауданы М.-С. Бабажанов атындағы мектеп-гимназияның 1-сынып оқушысы Ер-Мұхаммед Асқар бірінші орынды жеңіп алды.

«Келешек кемеңгер» республикалық медиа жобасы аясында ұйымдастырылған ауқымды сайыс өскелең ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналды.
Жас өнерпаздың бұл жетістігі – оның білімге деген құштарлығы мен тынымсыз ізденісінің жемісі.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы