16.11.2026, 15:00
Оқылды: 0

Жылыту маусымындағы қауіпсіздік: Тұрғын үйлерге 435 датчик тегін орнатылды

Облыс әкімдігі бекіткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында Орал қаласында бірлескен профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Оған жергілікті атқарушы орган өкілдері, облыстық төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің қызметкерлері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандары мен ерікті жастар қатысты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ресми сайты жазды. 

a6c9c5bf534e035b919128b5d842a3e415752c4ccf214c031b7613ca739bc374_1280x720

Рейдке шыққандар тұрғын үйлерге 30 өрт және улы газ датчигі орнатты. Сондай-ақ 100-ден астам азаматқа жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді.

Өңірде жылыту маусымы басталғалы 25 280 тұрғын үй араланып, 49 410 азаматқа өрт қауіпсіздігі жаднамалары таратылды. Әсіресе, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілді. Бүгінге дейін аталған санаттағы 581 отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, олардың үйлеріне улы газды анықтайтын 435 датчик тегін орнатылды. Он күннің ішінде қалған 146 құрылғы қойылады.

58cc0c0ef40941d8ffe8dd024f265e02d70c173cb9c0363f7cb36540fde86a48_1280x720

Мұндай рейдтер жылыту кезеңінде тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға, өрт пен улы газдан улану қаупін азайтуға бағытталған. Алдын алу және түсіндіру шаралары облыс аумағында жүйелі түрде жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале