Шыңғырлау – шекара аймағында орналасқан аудан. Осы өлкенің тыныс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы туралы аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевпен сұхбаттастық. Аудан басшысы оған қоса инвестиция салымы, туристік жобалар жөнінде баяндады.

– Мұрат Амангелдіұлы, Шыңғырлау ауданының биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қандай? Жыл басынан бері қандай нақты нәтижелерге қол жеткізілді?
– Өнеркәсіп өнімінің көлемі 689,1 млн теңгені құрайды, яғни өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайыз өсіп отыр.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі-нің көрсеткіші тоғыз айдың қорытындысы бойынша 6 841,4 млн теңгені құрайды. Оның ішінде бюджет қаражатынан 30,5 млн теңге, меншікті қаражат – 5 385,4 млн теңге, басқа қарыз қаражаттары – 1425,5 млн теңге.
Инвестициялардың негізгі бөлігі құрылыс-монтаж жұмысына тиесілі – 2576,9 млн теңге, оның ішінде тұрғын үйлер құрылысына – 1 421,0 млн теңге, тұрғын үй емес ғимараттар құрылысына – 1 126,4 млн теңге, басқа құрылыстарға – 29,5 млн теңге.
Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу – 394,1 млн теңге.
Машиналар, жабдықтар, көліктер мен құрал-сайманды сатып алуға бағытталған инвестициялар көлемі – 1 745,1 мың теңге, оның ішінде көлік құралдары – 145,3 млн теңге.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 5 986,0 шаршы метр үй пайдалануға беріл-
ді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына 25 коммуналдық тұрғын үй сатып алынды.
Бөлшек сауда тауар айналымы көрсеткіші 4 723,3 млн теңгені құрайды. 1 қазандағы есеп бойынша ауданға тартылған жеке инвестиция көлемі 6 млрд 810 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,8 пайызға жоғары.

– Ауыл шаруашылығы көрсеткіштері туралы ақпарат бөліссеңіз.
– Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі саласы. Егіс көлемінің ұлғаюы, асыл тұқымды мал басының көбеюі, техникалардың жаңаруы мен қысқы мал азығының молынан дайындалуы – саладағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
1 қазандағы есеп бойынша ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
16 млрд 280 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға өсті.
2026 жылы көктемгі дала жұмысына 52 шаруа құрылымы қатысып, барлығы 22 647 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Жоспарланған 17 337 гектардың орнына егіс көлемі 130,6 пайызға орындалды. Оның ішінде 8 893 гектарға дәнді, 6 667 гектарға майлы, 7 050 гектарға мал азықтық дақылдары орналастырылды. Бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптер мен күздік дақылдарды қоса есептегенде, ауданның жалпы егістік алқабы 54 637 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артты. 23 қазандағы мәлімет бойынша 9 628 гектар алқаптағы дәнді дақылдар бастырылып, 26 мың 936 тонна астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерді құрады. Ал майлы дақылдарды жинау толық аяқталып, 6 667 гектардан 6 мың 426 тонна өнім алынды.
Егін өнімділігін арттыруда агротехникалық талаптарды сақтау мен минералды тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Биыл егістік алқаптарына 216 тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс және бақша дақылдарына 37 гектар жер бөлініп, жалпы 625 тонна өнім жиналды. Сонымен қатар 2027 жылғы өнімге дайындық басталып, 2 902 гектарға күздік дәнді дақылдар егілді. Келер маусымға дайындық аясында 7 500 гектар алқапта сүдігер жырту жұмысы жүргізілді.
Ауданда мал басының өсуі де тұрақты сипат алып отыр. Қазіргі таңда 68 499 бас ірі қара, 60 986 бас қой-ешкі және 13 705 бас жылқы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара саны 13 пайызға, қой-ешкі 20,9 пайызға, жылқы 8,5 пайызға өсті. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында да оң өзгерістер бар. 2023 жылы ауданда 26 асыл тұқымды шаруашылық болса, биыл олардың саны 39-ға жетті. Асыл тұқымды ірі қара саны 9 598, қой саны 3 938-ге өсті. Мал тұқымын асылдандыруға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері осы бағытта жұмыс жүргізетін 28 шаруа қожалығына 146,4 млн теңге субсидия төленді.
Биыл аудан шаруалары 51 трактор, 5 комбайн және 30 басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып ал-ды. Нәтижесінде техника паркінің жаңартылу деңгейі 59,3 пайызға жетті.
– Аудан бюджетінен бө-лінген қаражаттың қаншасы игерілді және қандай жобалар жүзеге асты? Республикалық және облыстық трансферттер мақсатына сай жұмсалды ма?
– 2026 жылы Шыңғырлау ауданына бюджеттік жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджет трансферттері есебінен 468 900,7 мың теңге бөлінді, қазіргі таңда осыдан 160104,7 мың теңге игерілді.
Оның ішінде:
– Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 27 ақпандағы №44 «Жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен қаражат бөлу туралы» қаулысына сәйкес Шыңғырлау ауданының электр желілерінің инфрақұрылымын қалпына келтіруге – 171 600,7 мың теңге, игерілгені – 160 104,7 мың теңге;
– Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана сатып алуға – 297 300,0 мың теңге.
Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен (мемлекеттік бағалы қағаздар) халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға (25 тұрғын үй сатып алынды) 693 700,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 495 500,0 мың теңге.
Ақбұлақ және Ақшат ауылдық округтерінде жаңа ветеринариялық пунктер, Ақтау, Ардақ және Ақшат ауылдық округтерінде мал қорымдары салынуда (1 ветпункт құны – 27 млн теңге, 1 мал қорымының құны – 24,5 млн теңге). Нысандарды қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Аудан тұрғындары ұзақ уақыт бойы күткен жоба – аудандық теміржол вокзалының (құны 540,5 млн теңге) құрылысы аяқталып, биылғы маусым айында пайдалануға берілді. Теміржол – ауданымыздың облыс орталығымен және еліміздің өзге де өңірлерімен қатынасын қамтамасыз ететін маңызды көлік инфрақұрылымы. Оның тұрақты жұмыс істеуі аудан тұрғындарының қатынауына, жүк және жолаушы тасымалына оң ықпал етеді.
– Мұрат Амангелдіұлы, көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде айтсаңыз.
Ауылішілік жолдардың қанша пайызы асфальтталған, бұл бағытта атқарылған жұмыс есебін бөліссеңіз.
– Шыңғырлау ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 275,9 шақырым. Оның ішінде 106,4 шақырымы, яғни 38,6 пайызы асфальт жамылғысымен қамтылған. 2023 жылы аудандық маңызы бар Шыңғырлау – Ақшат – Сегізсай автомобиль жолының 39,4 шақырымы және Алмаз ауылының кіреберіс 10 шақырым жолы орташа жөнделсе, 2025 жылы Шыңғырлау – Ақшат – Сегізсай автомобиль жолының 30 шақырымын орташа жөндеу, 15 шақырымын күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Енді-гі кезекте аталмыш жолдың қалған 15 шақырым бөлігін күрделі жөндеу мақсатында мердігер ұйыммен келісімшарт жасақталды.
Ал ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы – 143 шақырым. Оның ішінде 40,8 шақырымына, яғни 28,5 пайызына асфальт жамылғысы төселді. Жөндеу жұмысының басым бөлігі 2023 жылы жүргізіліп, аудан орталығының 19 көшесінде жалпы ұзындығы 16,8 шақырым жол жаңғыртылды.
Ендігі кезекте Шыңғырлау ауылының Мұхамбетов, Көкжайлау, Каймульдинов, Панфилов көшелерін және Ақбұлақ, Алмаз елді мекендерінің ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.
– Әлі күнге шекарадағы ауылдардан тұрғындардың көшуі баяуламай тұр. Халық санын тұрақтандыру мақсатында қандай шара қабылдап жатырсыздар?
– «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары жеті елді мекенге (Ақбұлақ, Алмаз, Сегізсай, Ардақ, Амангелді, Ақсуат, Шоқтыбай) 17 отбасы, барлығы 91 адам қоныс аударды. Оның ішінде 33 ересек, 58 бала бар. Биыл үш елді мекенге (Ақбұлақ, Қарағаш, Амангелді) төрт отбасы көшіп келді. 5-еуі – ересек адамдар, 15-і – балалар.
Көшіп келген отбасыларға мемлекет тарапынан алты адамға 15 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді, үш адамға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант берілді, екі адамға 100 АЕК әлеуметтік көтерме жардемақы тағайындалды және бір адам «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үймен қамтамасыз етілді.
2024 жылы көшіп келген отбасына «Мырзағара» шаруа қожалығының демеушілігімен 20 бас ұсақ мал берілді. Жоба аясында қоныс аударған отбасылардың 11-іне тұрақты және 10-ына уақытша баспана ұсынылды.
Қазіргі таңда көшіп келгендердің сегізі тұрақты, үшеуі уақытша жұмысқа орналасқан, үш адам вахталық әдіспен еңбек етуде. Қалғандары жеке қосалқы шаруашылықтарында мал және құс өсіріп, отбасыларын толық қамтамасыз етіп отыр. Жұмысқа орналасқандардың ішінде жеті
адам білім беру ұйымдарында, бір адам мәдениет мекемесінде қызмет етуде. Екі адам маусымдық газ операторы болса, бір адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
– Шыңғырлау ауданының көркем табиғи орындары көп болғанымен, неге аудан әзірге туристер көп баратын танымал бағыттардың біріне айнала алмай отыр? Бұл әлеуетті іске асыру үшін қандай нақты жоспар бар?
– Шыңғырлау ауданының табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары болғанымен, әзірге көпшілік жиі баратын танымал туристік бағыттардың біріне айнала қойған жоқ. Оның бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, туристік нысандардың инфрақұрылымын дамыту, оларға апаратын жолдардың жағдайын жақсарту, жеке кәсіпкерлерді тарту және туристік орындарды кеңінен насихаттау бағытында жұмыс атқару керек.
Қазіргі таңда облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, аудан аумағындағы туристік нысандарды нақтылау, олардың орналасқан жерін белгілеу және қолжетімді маршруттарды анықтау бойынша жұмыс қолға алынды.
Ауданның «Жеті кереметі» саналатын Сарқырамасы, Аққұмы, Қонақай көлі, Елек өзе-
ні, Шоқайтерегі, Қыземшек және Торыатбас таулары туралы ақпараттар, фотосуреттер мен оларға апаратын жол бағыттары жинақталып, ұсынылды. Қарағаш ауылдық округіне қарасты Сарқырама аумағын туристік бағыт ретінде дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілу арқасында Сарқырама көлі айналасына жер бөлініп, экоүйлер қойылған еді.
Бүгінде аталған жеті туристік нысанға жеткізетін жол бағыттары айқындалған. Мәселен, Сарқырамаға Орал – Ақсай – Шыңғырлау бағыты арқылы шамамен 335 шақырым жол жүріп жетуге болады. Ал Ақтөбе бағытымен Қарағаш ауылдық округінің Ақсуат ауылына дейінгі қашықтық шамамен 240 шақырымды құрайды. Алмаз ауылдық округіне қарасты Сегізсай ауылындағы Аққұм құмына Ақтөбе бағыты арқылы шамамен 250 шақырым жол жүру керек. Қонақай көліне, Елек өзеніне және Шоқайтерекке де көлікпен баруға мүмкіндік бар.
Ал Торыатбас тауын туристік бағыт ретінде дамыту үшін сол аумақта орналасқан Ардақ және Ақтау ауылдарына апаратын автокөлік жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында аталмыш бағытқа жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Сондай-ақ Шыбынды жерінде көптеген қайнар бұлақ көздері мен әсем даласымен есте қалады. Аталмыш жерге белгі қойылып, ауданның көрікті жерлерінің қатарына енгізілді.
Ауданның туристік әлеуе-тін арттыру үшін, ең алдымен, осы бағыттарды дамытуға қызығушылық танытатын кәсіпкерлерді тарту маңызды. Сонымен қатар туристік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қажет инфрақұрылымды қалыптастыру және оларды әлеуметтік желілер мен заманауи ақпараттық платформалар арқылы кеңінен насихаттау қажет.
Біздің мақсатымыз – Шыңғырлаудың табиғи байлығын туристерге таныстырып қана қоймай, оны аудан экономикасына үлес қосатын, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін туристік бағытқа айналдыру. Осы бағыттағы жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Сұхбаттасқан Нұртай Алтайұлы