Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы прокуратурасының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Сурет: kaz.inform.kz
Аудан прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіре отырып, аудан орталығындағы 30 жылдан астам уақыт бойы жиналған қоқыстарды тазартты.
Игі бастаманы кәсіпкерлер, кәсіпорындар мен ауыл тұрғындары белсенді қолдады.
Небарі екі күнде 1 100 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Бұл – тек аумақты қоқыстан тазарту ғана емес, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Таза орта – жайлы өмірдің кепілі. Ал туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.