12.11.2026, 11:00
Оқылды: 3

Энергомин Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасының іске асуын үйлестіруде

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың төрағалығымен жылына 5 млрд м³ дейін газ өңдеу қуаттылығы бар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, - деп жазады Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі. 

95fced54d802a84cd54c91b8d6cea7df2bbc78e78c02c2e62329aad2d131cb7e_1280x720

Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, Қарашығанақ жобасы акционерлерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, сондай-ақ Өкілетті органның (PSA) өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жобалаудың бастапқы кезеңіндегі жұмыстардың барысы, газ құбырын салу, қосылу нүктесін айқындау және шикі газды есепке алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар коммерциялық шарттарды келісуге, оның ішінде шикі газды әкету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы келісімге (Evacuation Service Agreement), аталған қызмет үшін төлемақыға (Evacuation Service Fee) және шикі газды беру шарттарына ерекше назар аударылды.

Энергетика министрлігі Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасының іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстап, техникалық және коммерциялық мәселелерді уақтылы шешу және жобаны одан әрі ілгерілету мақсатында мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале