«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер күтіледі:

Шымкент қ.: 12 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
12 қарашада Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
12 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қарашада түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
12 қарашада түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
12 қарашада Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.