11.11.2026, 12:45
Оқылды: 2

Оралда жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды

Орал қаласында жасанды интеллект технологияларына негізделген жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Заманауи орталық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, тұрғындардың уақытын үнемдеуге және цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға бағытталған. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 13.34.05

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында цифрлық экономиканы қалыптастыру және озық технологияларды халық игілігіне пайдалану міндетін айқындады. Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өңірде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасуда.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 13.34.06 (1)

Жыл басынан бері облыста 3 миллион 203 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98 пайызы электронды форматта жүзеге асырылды. Ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы ұсынған 629 мыңнан астам қызметтің 60 пайызға жуығы онлайн көрсетілді.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 13.34.06

Жаңа кеңсе үш негізгі функционалдық аймақтан тұрады. Экспресс-аймақта тұрғындар анықтамалар мен қарапайым қызметтерді өз бетінше жедел ала алады. Цифрлық аймақта электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу, туу, неке қию, тұрғылықты жері бойынша тіркелу және әлеуметтік төлемдерге қатысты қызметтер онлайн ұсынылады. Сараптамалық аймақта мамандар кәсіби көмек көрсетеді. Сондай-ақ азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған арнайы оқу аймағы қарастырылған.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 13.34.07 (1)

– Цифрландырудың басты өлшемі – технологияның күрделілігі емес, оның адам өміріне әкелетін нақты пайдасы. Жасанды интеллект жас ерекшелігіне, тұрғылықты жеріне немесе цифрлық дағдыларына қарамастан, әр азаматқа заманауи мемлекеттік қызметтерді еркін пайдалануға жол ашады, – деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2026-11-11 at 13.34.07

Өңірде цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және мемлекеттік басқаруға озық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасады.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале