10.11.2026, 17:00
Оқылды: 2

БҚО-да АИТВ жұқтырып, ем қабылдаудан бас тартқан 10 адам іздестіріліп жатыр

 Батыс Қазақстан облысында 1 қазандағы мәлімет бойынша, диспансерлік есепте тұрған, алайда антиретровирустық (АРВ) терапияны қабылдамаған 10 пациент медициналық бақылаудан тыс қалған - деп жазды kaz.inform.kz.

Close-up of a healthcare professional's torso wearing a lab coat and stethoscope. Crossed arms, Medicine.

Сурет: istockphoto.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, бұлардың қатарында жұмыс бабымен көршілес мемлекеттерге немесе Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен, сондай-ақ тұрғылықты жері белгісіз адамдар бар. Алайда олар облыстағы медициналық ұйымдардан есептен шықпаған.

Аталған пациенттердің орналасқан жерін анықтау және медициналық бақылауға қайта тарту мақсатында көші-қон қызметімен, полиция департаментімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу деректері және медициналық ақпараттық жүйелер негізінде іздестіру шаралары жүзеге асырылу үстінде.

- АРВ терапиясын қабылдаудан бас тартқан пациенттермен емді қайта бастау және медициналық бақылауға тарту мақсатында мультидисциплинарлық топ жұмыс істейді. Оның құрамына дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер және патронаждық мейіргер кіреді, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале