11.11.2026, 19:00
Оқылды: 0

БҚО спорт саласының өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауын талдады

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының және вице-министрлердің Батыс Қазақстан облысының спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

IMG-20261111-WA0077

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында белгіленген міндеттер мен басым бағыттарды талқылау, оларды өңірлік деңгейде іске асыру жолдарын қарастыру және спорт саласын дамытуға қатысты ұсыныстарды ортаға салу.

Кездесу мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінде ұйымдастырылды. Жиынға ҚР Құрылтайының депутаты, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, вице-министрлер, облыстық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен сала мамандары қатысты.

IMG-20261111-WA0076

Басқосуды Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов жүргізді. Ол кіріспе сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда дене шынықтыру мен спорт саласының маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ өңір спортының өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарды қарастыру қажеттігін жеткізді.

Жиында ҚР Құрылтайының депутаты Снежанна Имашева, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы сөз сөйледі.

IMG-20261111-WA0082

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттер аясында өңірдегі спорт саласын дамытудың басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, спорт инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдық елді мекендерде бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және білікті жаттықтырушы кадрларды даярлау мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар жаттықтырушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақысын арттыру, жоғары жетістіктер спортын дамыту, спортшыларды қолдау, саланы қаржыландыру және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ашық пікір алмасу барысында спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар және спортшылар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді өңірде іске асыруға қатысты өз пікірлері айтып, қолдайтынын білдірді.

IMG-20261111-WA0080

Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстарды тиісті бағыттар бойынша зерделеп, алдағы жұмыста ескеру қажеттігі атап өтілді. Басты міндет – Жолдауда айқындалған басымдықтарды өңірде жүйелі жүзеге асырып, бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына қажетті жағдай жасау.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале