11.11.2026, 20:00
Оқылды: 0

Теректі ауданында Президент Жолдауы талқыланды

Теректі аудандық мәдениет үйінде ҚР Құрылтай депутаттары аудан жұртшылығымен кездесті. 

IMG-20261111-WA0068

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы түсіндіріліп, басым бағыттар талқыланды.

Кездесуді Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ашып, келген спикерлерді таныстырды.

IMG-20261111-WA0067

Жиында ҚР Құрылтайының депутаты Снежанна Имашева, Қазақстан халқы Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев сөз сөйледі. Олар қоғамдық диалогты дамыту, заңнамалық бастамаларды іске асыру, экономиканы нығайту, инвестиция тарту және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

IMG-20261111-WA0058

IMG-20261111-WA0073

Басқосу соңында аудан тұрғындары Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

IMG-20261111-WA0061

IMG-20261111-WA0059

Қаламқас Саясатова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале