13.11.2026, 15:30
Оқылды: 3

Заңгерлік көмек - ауыл тұрғындарына қолжетімді

12 қарашада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Бәйтерек ауданында азаматтардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылды.

image-13-11-26-02-18-4 (1)

«ЯҢАРЫШ» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткен қабылдауға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Жұбаныш Аманкос пен облыстық полиция департаментінің консультативтік-кеңесші органы және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі Әсел Мырзахметова қатысты.

image-13-11-26-02-18-7 (1)

image-13-11-26-02-18

Кездесу Егіндібұлақ, Шалғай және Атамекен ауылдарында өтті. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, заңнама талаптары, азаматтардың құқықтары мен оларды қорғау жолдары бойынша мамандардан кеңес алды.

image-13-11-26-02-18-2 (1)

Мұндай көшпелі қабылдаулар шалғай елді мекен тұрғындары үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырып, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Юлия Ринат 

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале