13.11.2026, 16:30
Оқылды: 8

Шыңғырлауда тұрғындардың құқықтық мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, көкейдегі мәселелеріне құлақ асып, заң аясында шешімін табуына ықпал ету халықпен кері байланыстың маңызды тетігі.

image-13-11-26-12-44

Осы мақсатта ауданымызда «Заң мен тәртіп – қауіпсіз Қазақстан үшін» қағидаты аясында халықпен кездесу форматындағы қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев,аудан прокуроры Ерлан Мұхтаров, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және аудандық дербес бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселені ортаға салды. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселесі, сондай-ақ соңғы уақытта қоғамда өзекті болып отырған интернет алаяқтыққа қатысты сұрақтар көтерілді. Әсіресе жастар тарапынан интернет алаяқтықтың алдын алу, күмәнді әрекеттерден сақтану және мұндай жағдайларда қандай мекемелерге жүгіну керектігі жөнінде кеңес сұралды.

image-13-11-26-12-44 (1)

Аудан прокуроры Ерлан Мұхтаров интернет алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталып, азаматтардың жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін және құпия кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз тұлғалардың қаржылық ұсыныстарына сенбеу және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласу жөнінде нақты кеңестер берді. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.

image-13-11-26-12-44 (2)

Қабылдау барысында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап қана қоймай, олардың шешілуіне нақты ықпал ету екенін жеткізді. Әрбір өтініштің артында адам тағдыры, отбасының жағдайы мен азаматтың үміті тұрғанын атап өткен аудан басшысы халықпен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді. Бірқатар сұрақ бойынша тиісті мекеме мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Өйткені халықпен тиімді кері байланыс орнату ел сенімін ақтаудың және әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале