17.11.2026, 17:30
Оқылды: 7

Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды

Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасының бірінші кезеңі (ҚКЖ-1) толық аяқталды. Жобаның қорытынды кезеңінде газды қабатқа кері айдайтын алтыншы компрессор сәтті пайдалануға берілді. Жоба қабат қысымын ұстап тұруға, сұйық көмірсутектерді өндірудің қол жеткізілген деңгейін сақтауға және Қазақстандағы ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірін одан әрі тиімді игеруге бағытталған.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.09

Жобаның аяқталғаны туралы 2026 жылғы 17 қарашада Қарашығанақ кен орнын игеруді жүзеге асыратын «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы хабарлады.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.10 (1)

Жаңа өндірістік қуаттар көмірсутектер өндірудің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді

Қарашығанақты кеңейту жобасы өндірістік инфрақұрылымды дамытуды және газды жер қойнауындағы қабатқа кері айдау мүмкіндіктерін арттыруды көздейді.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.10

Кен орнын игеру барысында сұйық көмірсутектерді өндірудің қол жеткізілген деңгейін сақтау үшін қабат қысымын ұстап тұру ерекше маңызға ие.

Осы міндетті шешу мақсатында Қарашығанақта қосымша компрессорлық қуаттарды салу және тиісті инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар ірі технологиялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.11 (1)

ҚКЖ-1 аясындағы негізгі нысандардың бірі - газды қабатқа кері айдайтын алтыншы компрессор. Оның пайдалануға берілуі өндірістік кешеннің газды қайтадан қабатқа айдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, кен орнын одан әрі игеруге қажетті жағдайларды сақтауға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.11

Алтыншы компрессор құрылысының аяқталып, пайдалануға берілуі Қарашығанақты кеңейту жобасының бірінші кезеңінің толық жүзеге асырылғанын білдіреді.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.12

Жаңа өндірістік қуаттар кен орнын ұзақ мерзімді пайдалануға, оның ресурстық әлеуетін тиімді игеруге және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге стратегиялық тұрғыдан маңызды.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.13 (1)

Жоба мемлекет пен халықаралық серіктестердің өзара іс-қимылы негізінде жүзеге асырылды

ҚКЖ-1 жобасының аяқталуына орай Қарашығанақ кен орнында ресми салтанатты іс-шара өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «PSA» ЖШС-нің, Батыс Қазақстан облысы мен Бөрлі ауданы әкімдіктерінің өкілдері, Қарашығанақ жобасына қатысушы компаниялардың және ҚПО басшылығы қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.13

Өндірістік нысандарды аралау барысында қатысушылар жаңадан пайдалануға берілген жабдықтардың жұмысымен және жоба аясында енгізілген технологиялық шешімдермен танысты.

ҚПО бас директоры Марко Марсили жобаның сәтті аяқталуы компания мамандарының, мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестердің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

«ҚКЖ-1 аса күрделі әрі ауқымды жоба болды. Дегенмен командамыздың бірлігі мен Қазақстан Үкіметі және акционерлерімізбен тығыз ынтымақтастықтың арқасында оны табысты жүзеге асыра алдық. Олардың тұрақты қолдауы жобаны қауіпсіз әрі белгіленген мерзімде аяқтап, ортақ мақсаттарымызға қол жеткізуде шешуші рөл атқарды», - деді Марко Марсили.

Іс-шараға қатысушылар ҚПО жұмысының нәтижелеріне оң баға беріп, Қарашығанақ кен орнын одан әрі дамытуда табыс тіледі.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 18.19.14

Жобаның аяқталуы Қарашығанақты одан әрі дамытуға негіз қалайды

Қарашығанақ әлемдегі ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі болып саналады және Қазақстанның мұнай-газ саласында маңызды орын алады.

Кен орнының өндірістік қуаттарын дамыту оның технологиялық ерекшеліктері мен көмірсутектер өндірудің тұрақты деңгейін сақтау қажеттілігін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде.

ҚКЖ-1 аясында бұған дейін газды қабатқа кері айдайтын бесінші компрессор пайдалануға берілген болатын. Ал алтыншы компрессор құрылысының аяқталуы өндірістік инфрақұрылымды кеңейтудің келесі кезеңін толық жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Бұл жоба Қарашығанақтың өндірістік әлеуетін сақтауға және оның ресурстарын одан әрі тиімді игеруге маңызды үлес қосады.

ҚКЖ-1 жобасының толық аяқталуы Қарашығанақ кен орнының технологиялық дамуындағы маңызды кезең болды. Жоба сұйық көмірсутектер өндірудің қол жеткізілген деңгейін сақтауға, өндірістік инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға және Қазақстан мұнай-газ саласының ұзақ мерзімді әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Анықтама үшін:

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын игеруді жүзеге асырады. Консорциум құрамына Eni (29,25%), Shell (29,25%), Chevron (18%), ЛУКОЙЛ (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» (10%) компаниялары кіреді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале