Сырым ауданында дзюдо күресінен 2013–2014 жылы туған ұлдар арасында самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдо күресінен ҚР спорт шебері Азат Қасымовты еске алуға арналған Сырым ауданының ашық турнирі өтті.

Аталмыш жарысқа Қаратөбе ауданының Саралжын ауылдық округіндегі «Aqbaqai arlandary» жас палуандары қатысып, аудан намысын қорғады.
Жарыс нәтижесінде 50 келі салмақ дәрежесінде Тасқын Қайрат – қола жүлдегер атанды.
– Жүлдегер шәкіртімізді және олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтаймын. Алдағы жарыстарда шәкірттерімнің алар асулары биік, жеңістері көп болсын. Аталмыш жарысқа қатысуымызға қолдау білдірген Саралжын ауылдық округінің әкімі Даулет Жұмабайұлы мен әрдайым жанымыздан табылатын барша шәкірттерімнің ата-аналарына шынайы алғысымды білдіремін. Бірлігіміз бекем, жеңісті күндеріміз көп болсын, - дейді палуандардың жаттықтырушысы Ертілеу Ерғожин.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы