18.11.2026, 15:45
Оқылды: 5

Балабақша есепшісі 29 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Тергеу дерегінше, есепші басшылықтың сенімін пайдаланып, балабақша меңгерушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы бюджет қаражатын жымқырған.

акша

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті прокуратураның үйлестіруімен өңірдегі балабақшалардың бірінде 29 млн теңгенің жымқырылуына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, істі сотқа жолдады.
Тергеу деректеріне сәйкес, мектепке дейінгі ұйымның есепшісі басшылықтың сенімін пайдаланып, балабақша меңгерушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасына (ЭЦҚ) қол жеткізген.
Ол меңгерушінің ЭЦҚ-сын және бухгалтерлік бағдарламаны пайдаланып, өзіне негізсіз жалақы есептеп, қаражатты жеке банк шотына жүйелі түрде аударып отырған.
Осының салдарынан мемлекетке 29 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Департамент ұйым басшыларын бюджет қаражатының жұмсалуын, жалақының есептелуін және ЭЦҚ-ның пайдаланылуын тиісті деңгейде бақылауға шақырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале