19.11.2026, 9:00
Оқылды: 1

Бүгін БҚО-ның бірқатар ауданында тұман түсіп, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер сақталады. Бұл туралы ТЖМ жазды.

жп тұман

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде көктайғақ, ал солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Тұрғындар мен жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жолдарда сақ болу, көктайғақ пен қатты жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

19 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале