19.12.2020, 11:40
Оқылды: 91

Тәуелсіздік мерекесіндегі спорттық шара

Жаңақала аудандық мешітінде Тәуелсіздік күніне арналған «Руханият» ҚБ ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырылды.

IMG-20201218-WA0012

Алдымен аудан имамы Жомарт Лұқпанов сөз алып, мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәтттілік тіледі.

Мерекеге орай өткізілген үстел теннисі сайысы қызықты да тартысты болды.

IMG-20201218-WA0007

Жарысқа мешіт жамағатынан 10 адам қатысты. Әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсете білді. Тартысты өткен үстел теннисі жарысының қорытындысы бойынша жүлделі І орынды жоғарғы ұпаймен алға шыққан «Ережесіз жекпе-жектен» облыстың жеңімпазы және ауданымыздың тренері Ақжол Әділғалиев иемденді. ІІ орынды футбол ойынында да үлкен шеберлігімен көзге түсіп жүрген және облыстың үздік қақпашыларының бірі Нұрлыбек Нұртайұлы алды. Жүлделі ІІІ орынға  Жаңақала аудандық мешітінің наиб имамы Алтынбек Болатов ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына «Руханият» ҚБ атынан  грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале