10.12.2021, 0:08
Оқылды: 67

«Тәуелсіздік ұрпақтары»  — Теректіде

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауыл жастарын қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» ақпараттық-насихаттық жастар керуені ауданымызға келді.

IMG-20211209-WA0054

Жастар ресурстық орталығы көмегімен ұйымдастырылған басқосуға ауылдық округтердегі жастар жетекшілері, белсенді қыз-жігіттер жиналды.

IMG-20211209-WA0051

«Қазына» коворкинг орталығында өткен бұл кездесу облыс, республика көлемінде танымал жас өнерпаздармен жүздесуден басталды. Шара тізгінін қолға алған БҚО жастар ресурстық орталығының жастар бөлімінің маманы Нұрмұхан Құлымжанов қонақтармен таныстырып, кездесуге келген  Теректі жастарына алғысын білдірді.

IMG-20211209-WA0053

Әрі қарай өнерлі жерлестерімізге сөз берілді. Айтыскер, жас ақын Әділ Ахмет өзінің шығармашылығы жайлы айтты. «Ұлы дала баласы» мегашоуы, Т.Төреәлі өзіне сыйға тартқан   «Жалғыз аққу» әнінің тарихына тоқталды.  Сол  «Жалғыз аққуды» орындаған Әділ «Ақжайығым — ару мекен» әнімен жалғастырып, қошемет көрді. Т.Жүргенов атындағы өнер институтының студенті, айтыскер Райымбек Өтепов те ұлттық құндылықтар жайында біраз ой толғады.

IMG-20211209-WA0060

Әрі қарай облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мұхит Тұрғынғали «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және басқа да  жастарға арналған бағдарламаларға тоқталды. Жастармен ауылдық жерде тікелей жұмыс жасайтын жетекшілер сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Осы жерде мәліметтермен бөлісіп, жұмыс жасауға қажетті ақпараттар берілді.

IMG-20211209-WA0055

Облыс, республика көлемінде танымал хит әндердің авторы, айтыскер ақын Орынбек Меңдіқұл жастарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, желтоқсан құрбандарын еске алды.

—Тарихтын ашылған жоқ қатпары әлі,

Сырларын айта берсен жақ талады.

Желтоқсан десе есіме жастар түседі,

Қызыл қанға бөктірген ақ қаланы.

Бұл кездесу азаттық үшін еді,

Бірақта сол бағыңды көре алмастан.

Халық пен қарашаны айдап салып,

Қақтығыстың қазанын пісіреді.

Сондай кезде бірлікте болу керек,

Біріксек біздің жақта күш үнемі.

Көтеріліс қазақты көтермейді,

Көтеріліс елдікті түсіреді, — деп түйіндеді Орынбек Нұрболатұлы.

IMG-20211209-WA0061

Керуен жұмысы сала мамандарының қатысуымен аудан жастарына арналған семинар-тренингпен жалғасты. Г.Жасұланқызы психологиялық-мотивациялық бағытта,  Б.Темірболатұлы мен Т.Арматұлы- қаржылық сауаттылық,бизнес, Ж.Сансызбайұлы  SMM, мобилография жайында дәріс беріп, тренинг арқылы жастардың біліктіліктерін бекітті.

IMG-20211209-WA0052

Шара соңында Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Н.Аткееваға облыстық жастар орталығы атынан алғыс хат табысталды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале