16.07.2026, 16:45
Оқылды: 5

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында рейд өтті

Казталов ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында рейдтік іс-шара өтті. 

image-16-07-26-03-11

Рейдке аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы пен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Тимур Сейтбайұлы қатысты.

image-16-07-26-03-11-1

Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы назарға алынып, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.

image-16-07-26-03-11-2

Сондай-ақ заң талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және елді мекеннің тазалығына әрбір тұрғынның жауапкершілікпен қарауы қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале