1.09.2026, 15:45
Оқылды: 11

«Таза Қазақстан» тақырыбы Білім күнінің өзегіне айналды

Бүгін Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Таза Қазақстан: Конститутция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты салтанатты жиын өтті.

ef982585-a265-4c0a-8214-16b49169bd2b

Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, мектеп директоры Бегайым Төлеуғалиқызы сөз алып, барша шәкірттерді мерекемен құттықтады. Содан соң, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Еркінұлына микрофон ұсынылып, биылғы оқу жылына сәттілік тілеп, аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлының атынан «Таза Қазақстан» эстафетасы бойынша алғысхат табыс етті. Білім шаңырағының табалдырығын алғаш аттағалы отырған балауса бүлдіршіндер де ортадан табылып, балалықпен қоштасқалы тұрған биылғы мектеп түлектерімен «Білім эстафетасын» жалғастырды.

b8b190e8-794f-4338-8f3e-a023a05e27e4

Білім нәрімен сусындауға асыққан 100 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Ал білім ордасымен қимай қоштасып, үлкен өмірге қанат қағатын 57 түлек 11-сыныпты тәмамдап, алдағы арман-мақсаттарына қарай қадам баспақ. Айта кетейік, аталмыш білім ордасында жыл бойына мектепішілік «Таза Қазақстан» эстафетасы өтетін болады.

62b6a29d-23aa-44ee-aac1-24045886a2fb

Тазалықты сақтау, табиғатты аялау, мектеп аумағын көркейту сынды әрқайсысына ортақ міндетке теңдей қарап, қағидаларды күнделікті өмірде жүзеге асыратын болады. Шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, өнерпаздар флешмоб билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектеп алаңы безендірулермен көмкеріліп, қолына гүл шоқтарын ұстап, ұсазымен сағына қауышқан әр шәкірт жиынның сәнін келтірді. Дәстүрлі мерекеге арналған күнде  алғашқы қоңырау сыңғырымен жаңа оқу жылы басталды. Бүлдіршіндердің балғын күлкісі мен түлектердің толқынысы тоғысқан бұл күн баршаға ерекше әсер сыйлады.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале