«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Бегайым Есенғалиеваның ұсынысымен №9 сайлау округінде орналасқан саябақта 200 түп көшет отырғызылды.
Демеушілердің қолдауымен, Жаңақала ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастырумен өткен экологиялық акцияға аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Ерлан Қажиев, бөлім басшылары, әкім аппаратының қызметкерлері мен Жаңақала ЖОББМ-нің ұстаздары қатысты.
– Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны қорғап, аялау – әр азаматтың борышы. Бұл акция тек бүгінгі күнмен шектелмейді. Көшет егу науқаны көктем мезгілінен бері жалғасып жатыр. Іс-шарада аудан орталығындағы барлық саябақ қамтылған. Күн райы мен ауылды абаттандыру мақсатында демеушілер есебінен бөлінетін қаржыға байланысты жүзеге асатын болады, - дейді Алпамыс Жаңабайұлы.
Қарқынды жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына өңіріміздің әрбір тұрғыны қатысып, өз ауылының экологиялық жағдайын жақсартуға үлесін қоса алады.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы