21.04.2025, 19:00
Оқылды: 199

«Таза Қазақстан»: Жәнібек ауданында 30 түп тал-терек отырғызылды

Бүгін ел бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жаппай ағаш отырғызу экологиялық науқаны басталды.

image-21-04-25-05-43-5

​Осы орайда бүгін Жәнібек ауданында да акция ұйымдастырылып, соның аясында Жәнібек ауданы орталығындағы, 2022 жылы бой көтерген «Түлектер» саябағында 30 түп тал-терек отырғызылды. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Тимур Шиниязов экологиялық акцияның тек көгалдандыру мен аумақты абаттандыру ғана емес, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесін атап өтті. Ғұмар елінің белсенді жастары да атсалысып, акцияға қатысты.

image-21-04-25-05-43-2

​Айта кету керек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп келеді және акция еліміздің жасыл қорын қалпына келтіру мен көбейтуге, экологиялық жағдайды жақсартуға, қоқыстан тазартуға және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

image-21-04-25-05-43

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале