28.04.2024, 17:00
Оқылды: 42

Тазалыққа тағы үн қосты

Шыңғырлау аудандық "Интерноционал-жауынгерлер" саябағында "Тәжік-ауған шекарасындағы және әскери қақтығыстардағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Әлішер Ашурматов бастаған ардагерлер тобы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді. 

image-27-04-24-11-01

- Ардагерлер одағының аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Құрмашевтың ұсынысы негізінде "Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиевтың Үндеуін көріп, ауданда өткізіліп жатқан тазалық акциясына үлес қосуды жөн санадық"- дейді Әлішер Ашурматов.

image-27-04-24-11-01-3

Қаза тапқан қаруластарының рухына тағзым етіп, осындай көпке үлгі боларлық игі істі жүзеге асырған ардагерлерге шыңғырлаулықтар риза.

image-27-04-24-11-01-5

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале