21.06.2023, 15:45
Оқылды: 15

Тазалықты үлгі еткен ауыл

Казталов ауданында қаймағы бұзылмаған ауыл қатары көп. Олардың қатарында Жас елді мекені де бар. Қараөзен ауылдық округіне қарасты елді мекеннің тұрғындары бүгінде ауылдың тазалығына ерекше мән беріп келеді.

IMG-20230619-WA0119

Жуырда аталған елді мекен тұрғындары ауылдағы күл-қоқысты бірлесіп ауыл сыртына шығарған болса, енді халықтың бірлігінің арқасында ауылдың ажары кірді. Ауылдағы 57 үйдің ішінде 37 үй ақталған.

IMG-20230619-WA0120

Ал ақталмаған 20 үйдің екеуінің иесі Жалпақтал ауылының тұрғындары болса, екі үй жөндеуден өтпек. Он алты үйдің иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Үйлерді ақтауға қажетті құрал-жабдықтар Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен жеткізілген.

IMG-20230619-WA0121

Айта кетейік, Жас елді мекеніне биыл көгілдір отын жеткізілген болатын. Ауыз су мәселесі де жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен шешімін таппақ. Оның үстіне келер жылы ауылға жаңа мектеп салынатындығын ескерсек, ауылдың даму қарқыны жоғары. Ал тұрғындардың басты мақсаты ауылды ажарландырып, көпке үлгі болу.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале