28.02.2019, 16:23
Оқылды: 26

Театр фестивалінде Бәйтерек ауданының оқушылары бас жүлде алды

        театр - копия Театр өнерінің облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауында озық өнер көрсеткен Бәйтерек ауданындағы Қасым Аманжолов мектебінің оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.

 

Фестивальге мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жанна Лұқпанқызы бастаған Мадина Тоққожина, Жаңылсын Боранбаева, Аяжан Асланбекқызы, Аружан Аманбай, Айзада Қалымжанова, Ділназ Қожасеитова есімді оқушылар қатысты.

- Біздің мектептің дарынды да өнерлі өрендері биылғы жылдың 26-29 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдаманы жеңіп алды. «Періште ғұмыры» музыкалық қойылымын саханалаған өнерлі өрендердің қойылым авторы және режиссері Бәйтерек аудандық мәдениет үйінің қызметкері, жас маман, БҚМУ студенті Әліби Жанабіловке айтар алғысы зор, - дейді мектеп директоры Роза Тасанова.

Бес періштесінен бір күнде айрылған ананың жанайқайын көрермендерге жеткізген спектакльде психологиялық иірімдер мол.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале