27.03.2022, 15:50
Оқылды: 71

Театр қызметкерлері марапатталды

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай, Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  А. Бақтығалиев, аудандық «Демалыс орталығының» директоры Б. Қарақұлов, директордың орынбасары Л. Абдуғалиева аудандық халық театрының ардагерлері, алғашында актриса, кейін зейнетке шыққанша халық театрының режиссері болған Н. Боранбаева, талай рөлдерді сомдап, көрермен ықыласына бөленген театр әртістері А. Сейіткереева және театр құрамында ойнаған Г. Ниязалиева, К. Джумалиева, Қ. Қадыралиеваларды театр күнімен арнайы құттықтап барды.

IMG-20220327-WA0027

- Бұл күннің, әр қайсысына маңызы ерекдеп білемін. Тоқсан жылдық тарихы бар аудандық халық театрында жұмыс жасап, өнер көрсеткен әртістердің ауданның мәдени дамуына қосқан үлестері зор, - дейді аудандық «Демалыс орталығы»  директорының орынбасары Л. Сәбекенқызы.

WhatsApp Image 2022-03-27 at 16.25.04

IMG-20220327-WA0029

IMG-20220327-WA0030

Айта кету керек, жәнібектік көрермен қауымға 1-сәуір күні кезекті спектакль жол тартпақ.

Қ. Ғалиева,

Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале