24.04.2024, 12:37
Оқылды: 76

Тегісшілдіктердің талабы орындалды

Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязовтың тегісшілдік ағайынмен жүздесуінде талқыланған мәселе шешімін табуда. Ол көктемгі су тасқыны кезінде Шәрімбет сайы бөгетін қарғын судың шайып кетуі еді.

FB_IMG_1713935728143

Ауыл тұрғындары аталған бөгетті қалпына келтіруді қалап, бұл түйткілдің тез арада ретке келгенін сұрады. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен техника жұмылдырылып, Тегісшіл елді мекенінің халқымен бірлесіп бөгет жасау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, үш жерден бөгеу жасалынып, Шәрімбет сайындағы суды жинақтау, тұрғындардың тыныс-тіршілігіне һәм мал азығына қажетті су қорын сақтау бағытындағы келелі істер қызу жүруде. Борсы ауылының әкімі Зинһар Бақтығалиев жағдайды баяндап, ауыл тұрғындарының бірлігін ерекше атап өтті.

  • Халық қандай іс болмасын жұдырықтай жұмылып, ауылдың болашағы үшін бірігуге дайын тұрады, - деді.

FB_IMG_1713935737165

Айта кетейік, аудан басшысы Тимур Серікұлы мамыр айында аудан халқына есеп беріп, мәселелеріне қанығатын болады. Дегенмен ол уақытты күтпей, қазірден бастап қимылдап, елді мекендер тұрғындарының жайлы тұрмысы үшін жүзеге асатын жұмыстарды жіті бақылап отыр.

FB_IMG_1713935731005

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале