Жуырда Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округінде «Ит төресі-тазы» атты облыстық шарасы өтті. Ел Тәуелсіздігі қарсаңында "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Амангелді ауылында тұңғыш рет «Ит төресі- тазы» атты облыстық шырға тарту тазылар сайысын ауылдық әкім аппараты мен мәдениет қызметкерлері ұйымдастырды.
Шараға Бөкей орда, Ақжайық, Шыңғырлау және Теректі аудандарынан қатысып шараның көркін қыздырды.
Сонымен қатар Тасқала ауданына қарасты ауылдық округтерінен 32 тазы иттері сайысқа қатысып ауданымыздың намысын қорғады. Соның ішінен жеңімпаздар анықталып финалдық ойында өз бақтарын сынады.
Оралдық Нұрлан Мұхтаровтың «Текті» атты тазысы бәрінен озық келіп, бірінші орынды (70000 теңге) қанжығасына байлады. «Черный» атты тазысын баптап келген жерлесіміз, нақтырақ айтқанда Бірлік ауылының тұрғыны Ринат Хафизов екінші орыннан (50000 теңге) көрінді.
Орал қаласынан келген Нұрлан Мұхтаровтың тағы бір тазысы үшінші орынды (20000 теңге) жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды. Аталмыш сайысқа демеушілік танытып, жомарттығын көрсете білген ауыл азаматы Алтынбек Жұматаевқа Амангелді ауылдық округінің әкімінің алғыс хаты ұсынылды.
Бақтыгүл Бақтыгереева,
Тасқала ауданы
Амангелді ауылының мәдениет үйінің әдіскері