12.11.2021, 16:46
Оқылды: 73

Текті өнерде «Текті» алда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округінің әкімдігі мен «Бәйтерек» спорт клубының Трекиндегі нұсқаушысы Ақылбек Қабдолмәжит «Шарғы тарту» яғни тазылар жарысын ұйымдастырды.

4

Ұлттық құндылықтарымызды кеңінен дәріптеп, тазы баптауға деген жастардың қызығушылығын ояту мақсатында оздырылған додаға аудан ауылдарынан келген аңшылар қатысты.

5

-Ауылда мұндай сайыс алғаш рет оздырылды. Сол себепті тек топ жарыс өткіздік. Болашақта күшік, қаншық және арлан тазылар арасындағы бәйгені бөлек ұйымдастыратын боламыз. Жарысқа қолдау білдірген ауыл азаматтарына алғыс айтамын,-дейді қызықты сайыс ұйымдастырған спорт нұсқаушы Ақылбек Қабдолмәжит.

7

Көрген жанның делебесін қоздырып, қызыққа батырған жарыс қорытындысында бірнші және екінші орынды Нұрлан Мұхтаров баптаған «Текті» және «Нөкер» атты тазылар иеленсе, үшінші орынды Марат Мұхтаров бәйгеге қосқан «Ханшайым» атты тазы иеленді.

8

Жарыс соңында ит иелеріне мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек аудан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале