15.03.2024, 17:36
Оқылды: 22

Темірлан Көлбай Отпан тауда өткен жарыста «Түйе палуан» атанды

Маңғыстау өлкесінде «Амал» мерекесін атап өту мақсатында бірқатар бұқаралық-спорттық шара өтті.

IMG_20240315_173044

Қаратаудың ең биік шоқысы Отпантауда өткен мерекелік шарада бөрлілік палуан Темірлан Көлбай кезекті рет мықтылығын дәлелдеді.

Көрісу күніне орай ұйымдастырылған спорттық сайыстардың ішінде қазақ күресінен «Түйе палуан» дәрежесінде өнер көрсеткен Бөрлі ауданының спортшысы Темірлан Көлбай бас жүлдені жеңіп алды.

Боз кілемдегі белдесулерде үздік екенін дәлелдеген спортшыға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлық табысталды.

Жерлес спортшының жеңісі туралы Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады.

Аслан Нұразғали,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале