23.08.2026, 8:30
Оқылды: 16

Теміржолшы өз таңдауын жасады

 

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға теміржол саласының қызметкері де белсенді қатысып, өз таңдауын жасады. Күн сайын теміржол бойындағы қозғалыстың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген теміржолшылар үшін азаматтық міндетті орындау үлкен жауапкершіліктің белгісі.

image-23-08-26-08-30

Теміржол саласы – ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосып отырған маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Бұл салада қызмет ететін мамандар тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп, жолаушылар мен жүк пойыздарының қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Олардың еңбегі елдің әр өңірін байланыстырып, өндіріс орындарының, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сайлау күні теміржолшы Берік Дәулетқалиев №419 сайлау учаскесінде азаматтық борышын орындауға уақыт тауып, дауыс беру учаскесіне келді. Ол өз таңдауын жасап қана қоймай, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласудың маңыздылығын көрсетті. Өйткені әрбір азаматтың дауысы – мемлекеттің болашағына, қоғамның дамуына және елдегі тұрақтылықтың нығаюына қосылған үлес.

23 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшы Берік Дәулетқалиевтің сайлауға қатысуы еңбек адамдарының да ел өміріндегі маңызды мәселелерге белсенді араласатынын аңғартады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын теміржол саласының мамандары елдің тұрақты дамуына тек кәсіби еңбегімен ғана емес, азаматтық ұстанымымен де үлес қосып келеді.

Елдің ертеңі –бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан әр азаматтың дауыс беруі, өз пікірін білдіруі және қоғамдық өмірге белсенді қатысуы маңызды.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале