15 қараша - ұлттық валюта күніне орай Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі мен Федоровка жалпы білім беретін мектебі бірлесе "Теңге - ұлттық табыстың кепілі" атты сыныптан тыс шара өткізді.
Шараны ұйымдастырушы – Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Үміткер Орынғалиев төл валютамыз – теңге жайында мол мағлұмат берді.
1992 жылдың 27 тамызында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен. Теңгені суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов деген суретшілер бейнелеген. 1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарыққа қол қойды. Ал 15 қараша күні теңге қолданысқа енгізілді. Содан бері 28 жыл өтті. Осы жылдар ішінде теңге Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы ретінде танылып, әлемдік айналымға енді.
Теңге туралы мәліметтерді шараға қатысушылар – аталмыш мектептің 10 сынып оқушылары қызыға тыңдады.
Одан соң «Табыс» және «Теңге» командаларына біріккен оқушылар біліктілік сайысына түсті. Олар валюта, теңге жайындағы сауалдарға жауап беріп, ел тарихынан хабардар екенін көрсетті.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz