9.08.2021, 10:18
Оқылды: 11

Теннисшілер жеңіске жетті

Облыс орталығында өтіп жатқан «Ақ бидай» VII ауыл спорты ойындарының үстел теннисі жарысы өз мәресіне жетті. Жәнібек ауданының намысын қорғап барған спортшыларымыз Айдос Нұрбаев, Эмиль Шамилов, Әскер Абдоловтар жекелей есепте қатарынан алғашқы І - ІІІ орындарды иеленіп, өз шеберліктерімен көрерменді таң қалдырды.

88e806da-8923-4308-9297-349d640281f9

Ал Айнұр Мансурова әйелдер арасында жекелей есепте күміс жүлдегер атанды. Жарыстың алғашқы күні ерлеріміз командалық есепте І орын, қыздарымыз IV орын алған болатын. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша жарысқа қатысушы теннисшілер жоғары ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз жарады.

Б.Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале