10.12.2024, 14:45
Оқылды: 234

Теректі әкімі Шаған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Теректі аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың есептік кездесуі Шаған ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауыл әкімі Ербол Исеевтің баяндамасынан кейін жиын еркін бағытқа ұласып, сұрақ-жуапқа көшті.

1-3

– Біз сіздермен рсеми жиын өткізу үшін емес, емін-еркін пікір алмасып, ойларыңыздағы мәселелерді білу үшін келдік. Сол себепті сауалдарыңызды жолдап, барынша ойымызды ашық жеткізейік,-деді Әлия Биғазықызы.

Ауылдық округте 4191 тұрғын тұрады. Барлығы 50 шаруа қожалығы бар.

– 2024 жылы округте 13 365 гектар аумақта егін егілді. Мал азығын дайындауға тоқталсақ, 18, 0 мың гектар жер шабылды. Биыл 13 қылмыс тіркеліп, 12-сі ашылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 408-бапқа сәйкес иесіз жүрген малға 27 хаттама, 505-бапқа сәйкес елдімекеннің абаттандыру тәртібін бұзу бойынша 12 хаттама, 147-бапқа сәйкес 5 хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Мал ұрлығы тіркелген жоқ,- деген ауыл әкімі кәсіпкерлік және әлеуметтік салаларға тоқталды.

Ауыл тұрғыны Ж. Серіков 20 миллион теңге көлемінде инвестиция құйып, Жаңа Өмір ауылында шаштараз бен дүкен салған. «Нұрсұлтан» ЖК басшысы Н. Досқалиева, «Төре» ЖК басшысы Б. Қаженов 3 және 2,5 миллион теңгеге сауда дүңгіршектері мен шағын шайханалар ашқан. Осы тектес жұмыстар легі ілгерілеп жатқанымен, жол, су, тұрғын үй құрылысы, қоқыс төгу орындары тұрғындарды екіұдай күйге түсіреді. Шағандық Әсет, Төлеген, Дәурен, Сансызбай, Ақмарал есімді ағайынның үндері өктем шықты. «Ақбұлақтың» суына көңілі толмайтындарын және қалаға жақын ауылда даму көздерінің жоқтығын айтты. Медицина саласына да қатысты сауал жолдаған жұртшылық болды. Оған аудандық орталық аурухна директоры Дархан Хайрушев жауап берді. Өзге де мәселелер «айтылған күйде қалады, қорытынды шығып жатқан жоқ» деп, шамданған шағандықтарды аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов сабырға шақырып, кез келген сұрақ бойынша жүгінулерін сұрады.

468402288_2772012422980634_7660816727144093876_n

Аудан басшысы Шағаннан соң Подстепный ауылдық округіне атбасын тіреді. Мұндағы атқарылған іс – ұшан-теңіз. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мекенде 11382 адам өмір сүреді. Еңбек шараларымен қамту негізінде қоғамдық ақылы жұмысқа 20, тұрақты жұмысқа 162, маусымдық жұмысқа 30 адам жолданған. Халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуда инвестициялық салымдардың орны ерекше екендігі бесенеден белгілі. Жыл басынан бері 6 миллиард 100 мың теңгеге 3 жоба жүзеге асып, 94 жұмыс орны ашылған. Аталмыш жобалардың екеуі – Юбилейный ауылында болса, біреуі – Подстепный ауылында. Округ бойынша ауылішілік 73 көше болса,  олардың ұзындығы 54, 120 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда Школьная, Бәйтерек, Астана, Целинная, Юбилейная және Жеңіс көшелері күрделі жөндеуден өткен. ПДП 3/2 ықшам ауданы көшелеріне жөндеу жұмыстары басталып, 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ Керемет шағын ауданының жобасы дайын тұр. Ауыл әкімі Мейірбек Сұлтанов баяндамасындағы салалардан бөлек, ауылды көркейтуге арналған мәселелерді қаузап өтті. Подстепныйлықтар да «Сұрақ-жауап» форматынан қалыс қалмай, Бейбітгүл Алишева Юбелейный ауылы ПДП-ға газ құбырын тарту, Сұлушан Нұғманова 035 және 110 электр желісін бөлшектеу, Нәсіпқали Мұханбетжанов Безымянная көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, Қажет Джалитов Подстепный ауылына спорттық алаңдар салу мәселесін көтерді.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале