21.04.2020, 15:09
Оқылды: 51

Теректі әкімімен өткен «ONLINE OI»

Бүгін Теректі ауданында жаңадан ашылған «Online oi» бағдарламасы аясында тұңғыш рет тікелей эфир болды. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама жергілікті «Теректі жаңалығы» газетінің бастамасымен, Теректі ауданы әкімдігі және аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен дүниеге келді.

CBF10F18-4D53-460E-8315-7F2C74586EA3

Ел игілігі үшін күндіз-түні еңбектеніп,  ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген аудан, ауыл әкімдері, аудандық бөлім басшыларымен  емен-жарқын әңгімелесу, билік өкілдерімен қарапайым халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ашық сұхбаттасу, Теректі ауданы бойынша алдағы уақытта жүзеге  асуға тиіс жұмыстар хақында әңгіменің тиегін ағыту – бастаманың басты мақсаты.

Бүгінгі тікелей эфирдің алғашқы мейманы – Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов.

Тікелей эфирдің тінін тарқатсақ, аудан басшысы ең алдымен бүгінгі уақыттағы елдегі таралған індетке байланысты ауданның хал-ахуалының тұрақтылығын тілге тиек етті. Одан әрі әр оқырманның сауалына тұшымды жауап қайтарды.

Қазіргі таңда басты мәселе - баспана. Үйге кезекке тұру, баспана алу туралы сұрақтар толассыз жауды. Ақсуат, Долин ауылдарындағы мектептің күрделі жөндеуі, Шаған ауылынан су жаңа мәдениет үйінің салынуы жөнінде сөз болды. Сондай-ақ Абай ауылындағы клубтың жөнделуі де назардан тыс қалмады. Федоров, Подстепный ауылішілік және Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жолдардың жөнделуі, Долин, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарына көгілдір отынның тартылуы, Подстепный ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бой көтеруі, аудан орталығындағы емхананың салынуы және тағы басқа сауалдарға толыққанды жауап болды.

Тұрғындар өздерін мазалап жүрген өзекті мәселелерімен қатар, аудан басшысына шешімін тапқан шаруалар үшін шексіз алғыстарын жеткізді.

Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале