7.07.2024, 9:00
Оқылды: 192

Теректі ауданы: Ақсуат ауылында әкім сайлауы өтуде 

Бүгін Әйтиев ауылында Ақсуат ауылдық окургі әкімінің сайлауы өтіп жатыр. № 381 сайлау учаскесінде таңғы сағат 06:50-де мемлекеттік Гимн ойнап, сайлау учаскесі сағат 07:00- де өз жұмысын бастады.

IMG-20240707-WA0010

Сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Шолпан Таңатарованың айтуынша, № 381 сайлау учаскесінде барлығы 141 сайлаушы бар. Үйден дауыс берушілер саны — 2.

Ел келешегіне қатысты ең маңызды шараға қатысып, өз таңдауын жасауда Әйтиев ауылының тұрғындары да белсенділік танытып жатыр.

Дәл қазір сайлаушылардың қарасы азая қойған жоқ.

№381 сайлау комиссиясының төрайымы Шолпан Танатарова:

— Сайлауға қатысу — елінің ертеңіне алаңдайтын әр азаматтың парызы. Ауыл тұрғындары бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып жатқаны рас. Сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

Біздің ауылда қазір № 381 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, — дейді.

Айта кетейік, сайлау учаскесі жұмысын бастаған бойда ауыл тұрғыны Алтынгүл Құрманова ең бірінші болып келіп, сыйлық алды. Ал Есбол Лесов пен Айнұр Мұсағалиевалар биыл бірінші рет дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

InShot_20240707_090056284

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш сайлауға қатысуға үш адам өз кандидатурасын ұсынған еді. Атап айтсақ, Покатилов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Меркін Құбашев, Ақсоғым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саясат Нөменов өздерін ұсынса, ал «AMANAT» партиясы атынан жеке кәсіпкер, «Әділханов» шаруашылығының басшысы Қайрат Әділханов сайлауға түскелі отыр.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале