16.06.2024, 23:41
Оқылды: 103

Теректі ауданы: ауыл дәрігерлеріне құрмет көрсетілді

Теректі ауданының орталығында өткен дәрігерлер күніне арналған іс-шараның қандай деңгейде болғанын оқырман қауымға боямасыз жеткізген едік. Дұрысында қарапайым халықты жалған сөзбен алдауға болмайды. Сонымен қатар дәрігерлерге көрсетілетін құрметтің жөні бөлек болған жөн.

20240615123931_IMG_7554

Аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров мұны ескеріп, өмір арашасы саналатын ақ халатты абзал жандарға арнайы уақыт бөліп, құттықтап келді. Нақтырақ айтсақ, кеше Сарыөмір ауылындағы аудандық «Жас ұлан» лагерінің ашылуына қатысқан ол аталмыш ауылда былтыр ел игілігіне берілген дәрігерлік амбулаторияға атбасын бұрды. Екі мыңға жуық тұрғынның тән саулығын бақылауда ұстайтын нысаннның жұмысмен меңгеруші Алмагүл Салахиева таныстырды. Қалаубек Баубекұлы амбулаторияның бөлмелерін аралап, халыққа қызмет көрсетуде аянбайтын дәрігерлермен пікірлесті. Сол мезетте өзге ауылдық округтің дәрігерлері келді.

20240615123652_IMG_7548

Мерекелік іс-шараға ұласқан жиынға ауыл әкімі Шынтемір Тілешжанов, аудандық мәслихат депутаты Руслан Лұқпанов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Нұрсұлтан Қадырғалиев қатысты. Аудан әкімдігінің тарапынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген бір топ дәрігерге су тасқыны кезінде жұмылып қызмет көрсеткені үшін ақжарма тілектер төгілді.

Ақтілек Орынбасар,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале