1.12.2024, 8:55
Оқылды: 244

Теректі ауданы: Құмақсай ауылында ауыл әкімін сайлау басталды

Қазақстанда ауыл әкімдерін тікелей сайлау процесі соңғы жылдары үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл реформа ауылдық жерлердегі басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

IMG_8599

Теректі ауданы Құмақсай ауылдық округінің әкімін сайлауға №355 сайлау учаскесі есігін айқара ашты. Дәл қазір Әнұран шырқалып, ауыл тұрғындарының бірқатары аталмыш учаскеге келді. Айта кету керек, бұл учаскеге 445 сайлаушы тіркелген.

IMG_8612
Ауыл тұрғындары үшін бұл мүмкіндік өздерінің болашағына тікелей әсер ететін шешімдерге қатысуына жол ашады.

Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале