1.12.2024, 19:40
Оқылды: 73

Теректі ауданы: Құмақсайда үйден дауыс берушілердің барлығы таңдау жасады

Үйден дауыс беру – денсаулығына байланысты немесе басқа да объективті себептермен сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтарға берілетін мүмкіндік. Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес, мұндай азаматтар арнайы өтініш арқылы үйден дауыс беру құқығын пайдалана алады.

photo-output
Құмақсайдың жұртшылығы жауапты сәтте жалтарып қалмай, бар мүмкіндікке сай іс қылуда. Айталық, №355 сайлау учаскесінде 33 үйден дауыс беруші тіркелген. Олардың барлығы таңдау жасады.

photo-output

Болашаққа сеніммен қарауға ештеңе кедергі емес. Оның үстіне ауылдың екінші тынысы ашылып, жаңа әкімнің, елдің қалауындағы басшының елге еге болуы үшін құмақсайлықтар осылайша тырысуда.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале