«Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Самал Жәмет газеттің №20 санында аудан орталығы тұрғындары ауыз судың азабын тартып отырғанын жазған болатын.
Мақала ескерусіз қалмады. Бүгінгі таңда «Жайықгидрогеология» ЖШС-нің мамандары Қабылтөбе ауылына келіп, екі су ұңғымасын қазу жұмыстарын бастап кетті. Оған аудандық бюджеттен 4 млн. 867 мың теңге қаражат бөлінген.
Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов және Теректі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Мукашев жұмыс жүріп жатқан орынға барып, «Жайықгидрогеология» ЖШС өкілдерімен кездесті. Жұмыстар екі аптаның көлемінде аяқталады деп күтілуде.
Екі су ұңғымасы іске қосылған кезде аудан орталығында су тапшылығы секілді мәселе орын алмайды деп сенеміз.
Әділет Әлібекұлы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz