7.09.2024, 17:30
Оқылды: 107

Теректі ауданы: заң мен тәртіп сақталса…

Теректі ауданы прокурорының міндетін атқарушы Мадияр Мұқанов, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров пен аудандық білім бөлімінің басшысы Мирас Сапарғалиев мектеп, балабақша, тәрбие беру ұйымдарының директорларымен жүздесті.

IMG_2742

Жүздесудің негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мәселесі болды.

Мұны басшылыққа алған аудан азаматтары Ата Заңды алға оздырып, тәртіптің нығая түсуін көздейді. Мадияр Жетібайұлы елдің қауіпсіз әрі тұрғындарға жайлы болуы үшін басты шарттарды айтты.

–Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауы арқылы құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелгенін ұғынамыз,- деді өз сөзінде.

IMG_2754

Сондай-ақ Қалаубек Баубекұлы ауданымыздың жасөспірімдері тәртібі көңіл көншітпейтінін, оған жиынға қатысқан білім кешенінің директорлары мен ата-аналар жауапты екендігін баса жеткізді. Аудандық кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі комиссиясы мұнымен жүйелі түрде айналысып, бірнеше әке мен шешені ата-ана құқығынан айырғанын да тілге тиек қылды. Содан соң оқушылардың теріс қылығы тәрбиесіз берілген білімнің кесірі екендігін алға тартып, бос уақыттарын тиімді өткізуге көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіре кетті.

IMG_2743

Мирас Махмұтұлы болса, мектеп мұғалімдері ескеруі керек жайттарды тізбеледі.

– Мектеп қабырғаларында профилиактикалық жұмыстарды күшейтіп, сабақтан тыс сәттерін ұтымды пайдалану, мектеп басшылары күнделікті өзінің қызметі барысында сынып жетекшілері мен психологтардың жұмысын қадағалау – сіз бен біз естен шығаруға болмайтын қағида,- деді.

Мәжіліс соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Төрағалық жасаған басшылар мардымды жауап берді. Егер ауданда жиында айтылған Заң мен тәртіп қатаң сақталса, Жолдаудың жолда қалмасы – анық. Ол үшін осындай кездесулер қажет-ақ.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале