10.06.2024, 13:00
Оқылды: 34

Теректі ауданында 750 тонна қоқыс шығарылды

Республика көлеміндегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Теректі ауданында сенбілік өтті. Аудан бойынша акцияға 20 036 адам қатысып, 85 техника жұмылдырылды.

10875648-FC98-419C-BCCA-5BCC109D2217

Нәтижесінде 750 тонна қалдық шығарылды. Жүргізілген жұмыс барысында 5 726 аула аумағы, 25 саябақ, 168 әлеуметтік нысан тазартылды.

«Батыс Қазақстан облысында абаттандыру және жасыл аймақ құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарына» сәйкес биыл аудан аумағында 1 347 түп ағаш, нақтырақ айтсақ, 300 түп қарағаш, 735 түп терек, 312 түп үйеңкі отырғызылды.

F5A5CA29-0ECA-49BE-9DF8-F34796480640

Ауданда жалпы тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын 28 арнайы орын бар. Оның ішінде 17 қоқыс алаңы қоршалған. 2023 жылы елдімекендердің санитарлық тазалығын ұйымдастыру үшін бюджеттен қаражат бөлініп, Подстепный, Шалқар, Теректі ауылдарында тазалық жұмысы жүзеге асқан.

B76CB283-1206-4F6E-9901-79151E0E6B72

Айта кетейік, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау жұмысын ауылдық округтерде «Иваныч» ЖК және «Габдрахманов» ЖП жүргізеді. Тазалық жұмысы әлі де жалғасын табады.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале