10.04.2026, 10:15
Оқылды: 8

Теректі ауданында аналар форумы өтті

WhatsApp Image 2026-04-08 at 10.16.39

Подстепный  орта мектебінде «Ана. Қоғам. Болашақ» тақырыбында аналар форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Аталған іс-шараға құрметті қонақ ретінде Дариға  Мұштанова қатысып, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол аналарға бала тәрбиесіндегі маңызды қағидалар, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы ананың орны мен жауапкершілігі туралы мазмұнды ойлар айтты. Қонақтың әрбір сөзі қатысушыларға үлкен ой салып, тәрбиенің терең мәнін ұғынуға ықпал етті.

Форум барысында Дариға Ғазезқызы мен аналар арасында еркін форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, көптеген маңызды тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы тәрбие мен мектептегі білімнің үйлесімділігі, қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.Бұл жерде мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-04-08 at 10.16.39 (2)

Форум нәтижесінде аналардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ рухани құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызды ойлар ортаға салынды. Бұл кездесу әрбір қатысушының жүрегіне ой салып, болашақ ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарасын жаңаша қалыптастыруға септігін тигізді.

Нұргүл Рамазанқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале