11.12.2025, 14:45
Оқылды: 142

Теректі ауданында дене шынықтыру және спорт кешені ашылды

Бүгін Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылында дене шынықтыру және спорт кешені ашылды.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.09.23

Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды нысан - ол жаңа спорт кешені. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында  спорттық инфрақұрылымды кеңейту - мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Айтулы шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Нұрлан Жакупов, "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы - Бақдәулет Сәбитов, Теректі ауданының әкімі - Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, облыстық мәслихат депутаты Сержан Идиятов, «ГрадоСтройИнжиниринг» ЖШС бас директоры Алексей Овсянников қатысты. Спорт кешені Жаңа Өмір ауылы үшін ғана емес, бүкіл өңіріміздің спорт саласындағы елеулі оқиғалардың бірі. Жаңа спорт кешенінің ашылуы – жас спортшылардың денсаулығын нығайтып, жігері мықты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам. Бұл кешеннің болашақ чемпиондардың қалыптасу орталығына, ауыл жастарын біріктіретін ірі спорттық алаңға айналатынына сенім мол.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.09.21

Самрұқ қазына ұлттық қорының демеушілігімен салынған спорт кешеніне жалпы құны 1 млрд 228 059 млн тенге жұмсалған. Аталған спорт кешенде жаттықтырушылар бөлмесі, спорт зал, күрес залы, көрермен залы және дәрігерлер бөлмесімен қамтылған. Облыс басшысының қолдауымен ашылғалы отырған бүгінгі нысан 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге қолдау көрсету жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталмыш кешен жастар мен спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың кәсіби даярлануына және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік берері сөзсіз. Өңірдің дамуына айрықша үлес қосатын нысанның ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлына сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.09.20

-Өңірімізде спорт кешендерінің салынуы жастардың жарқын болашағына жол ашады. Тұрғындардың салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа бірден-бір жақындай түсуге мол мүмкіндік. Құрметті жерлестер, бүгінгі жаңа спорт кешенінің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Алдағы уақытта осы спорт кешенінен еліміздің көк байрағын биікке көтеретін спортшыларымыз шыға берсін,-деген облыс басшысы Нариман Төреғалиев, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Нұрлан Қашғарұлына алғысын білдірді. Жаңа нысанның кілтін аудандық спорт клуб басшысы Қанат Абатұлы қабылдап алды.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.09.20 (3)

Ашылу салтанатынан кейін облыс басшысы мен бір топ делегация жаңадан бой көтерген спорт нысанының ішін аралап көрді.

 

Темірболат Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале