11.02.2025, 17:00
Оқылды: 198

Теректі ауданында «Қазақша quiz» интеллектуалдық сайысы өтті

Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Мерекеге орай аудан орталығында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті.

image-07-02-25-10-46-5

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырған білім додасында алты команда бақ сынасты. Комиссия  аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев ашып, әріптестерінтөл мерекесімен құттықтап, барша командаға сәттілік тіледі. Сайыс тізгінін ұстаған балалар шығармашылығы үйінің бұқаралық бөлім жетекшісі Үміткер Орынғалиев «Сайлау сұрақтары», «Біз білетін ән», «Көрген кино», «Бұл қай ел?» және «Тұлғаны тап» атты бес кезеңде қатысушыларға сайлау, білім, мәдениет және т.б. түрлі тақырыпта сұрақтар қойды. Білім сайысының нәтижесінде жеңімпаз болып Аңқаты ауылдық округі сайлау комиссиясы мүшелерінен құралған «Арай» тобы танылды. Теректі ауылдық округіне қарасты №385 сайлау учаскесінің комиссия мүшелерінен құралған «Сұңқар» құрамасы ІІ орынға лайық болды. Ал үздік үштікті Шаған ауылдық округіне қарасты №359 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінен құралған «Кемер» тобы түйіндеді.

image-07-02-25-10-46-8

Сөз соңында комиссия төрағасы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау білдірген аудандық мәдени-демалыс орталығы ұжымына, Үміткер Жұмакелдіұлына алғысын білдірді.

Л. Халина,

Теректі ауданы

image-07-02-25-10-46-3

image-07-02-25-10-46-10

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале