29.05.2021, 19:19
Оқылды: 82

Теректі ауданында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының маусымы ашылды

Биыл Теректі ауданында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағына ерекше көңіл бөлініп жатқандығын бірнеше мәрте айтқанбыз. Аудан көлемінде ұйымдастырылар жұмыстармен БҚО әкімі Ғали Есқалиев танысып, өңір басшысы теректілік жастарға сәттілік тілеген еді.

6de4175b-98e1-4b03-89db-92e2da3be133

Бүгін "Жасыл ел" еңбек жасағының аудандық маусымының ашылуы салтанатты түрде өтті. Оған аталмыш жобаның аудан деңгейінде ұйымдастырылуына сеп болған Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұловтан бөлек, Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Дулат Имашев пен "Жасыл ел" облыстық штабы жетекшісі Асылан Тапишев қатысты.

Соңғы үш жылда ауданымызда аталмыш жоба аясында 150 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Биыл сарбаздар саны 50-ден 100-ге дейін көтеріліп, екі бағыт бойынша жұмыстанады.

1794255c-37e9-48aa-a16e-9c40f6f538c8

Бірінші бағытта Ұзынкөл, Подстепный, Долин, Ақжайық және Шаған ауылы жастары бау-бақша бойынша еңбектенбек.

Екінші бағыттағы жастар лагерінің мақсаты - тарихи-табиғи ескерткіштерді абаттандыру, Жайық өзені мен аудан аумағындағы орман-тоғайларды тұрмыстық қалдықтардан тазалау һәм туристік қозғалысты дамыту боп табылады.

Бұл жөнінде қонақтарға Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, жоба ұйымдастырушысы Нұрсәуле Аткеева айтып берді. Маусымның ашылуымен жастарды Теректі ауданының әкімі Арман Кәрімұлы құттықтады.

b3048f57-3287-418f-b691-a530f918e22a

Аудан басшысы және лагерь қатысушысы Тимур Мұратұлы "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының аудандық маусымына старт берді. Құттықтау сөз сөйлеушілердің қатарында "Жасыл ел" облыстық штабының жетекшісі Асылан Нұрланұлы мен жастар атынан Тимур Аманов болды.

Шара Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Әділет Орынбасаров,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале